Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

Bilim land

block2_eop.png?_=1495531126
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

1 қыркүйек

Жаңа  мектеп ғимаратының ашылу салтанатының сценарийі

 

 

 

Өткізу орны: Тайынша қ.                             өткізу күні: 01 қыркүйек  2016 жыл

                             сағ. 10. 00              

                                                                 

 

          Мектеп алаңы салтанатты безендірілген:

 Мектеп алдында микрофон орналастрылған трибуна тұрады.

Трибуна алдында тайыншылықтар тұрады.

Қазақша киім киген 2 қыз көгілдір лента, 1 қыз қайшы салынған табақ ұстап тұрады.

Жүргізушілер: Жапаров Нұрсұлтан

                           Хамидолова Мейрамгүл

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.С.Сапаровтың көлігі келеді.

 

Фанфарлар

 

Жүр:  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Сапаров Айдарбек Сейпілұлы.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Хасенова А.К. мектеп директоры Жарқынбаева К.З. қарсы алады.

 

Би  Шашу (ДШИ)

  

Жүр:  Қайырлы күн құрметті оқушылар,мектеп ұстаздары, мереке қонақтары!

         Елбасымыз алға қойған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, ұлы істерге бастайтын маңызды құжат. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылдың маусым айында қазақ мектебінің құрылысы басталып, бүгінгі күні іске қосылып отыр. Білім беру жүйесінің мақсаты – жан-жақты білімді, шығармашылық қабілеті және танымдық белсенділігі жоғары тұлғаны  қалыптастыруы үшін  жаңа үлгідегі   мектептің ашылуы өзінің сүбелі жемісін берері сөзсіз.

     

Жүр:

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай аудан орталығында білім байрағын биік  көтерген білім ошағының ашылуы , «Мен өз елімнің патриотымын» Білім күніне арналған салтанатты линейканы ашық деп жариялаймыз

/ГИМН/                               

Жүр.: Құттықтау сөз Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары –  Айдарбек Сейпілұлы Сапаровқа беріледі.

/Облысы әкімінің бірінші орынбасары сөз сөйлеп болған соң, мектеп формасын кигенқыз жайпақ табақта (поднос) орналасқан «Газель» автокөлігінің кілтін алып келеді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары кілтті мектеп директоры Жарқынбаева К.З тапсырады./

 

(Фанфарлар және осы кезде Газелдің фары жағылады)

 

Жүр: Құттықтау сөз педагогикалық еңбектің ардагері - Қазенова Асыл Тәшенқызына беріледі.

 

Жүр: Слово для поздравления предоставляется генеральному подрядчику - директору строительной компании «Основание», депутату областного маслихата Тимофееву Сергею Петровичу.

 

 

Жүр.: Кемел ұлттың болашағы білімді , дарынды ұрпақтың қолында»- мектеп оқушыларының атынан сөз 2016-2017 оқу жылының «Алтын Белгі» үміткері Өмірсерикова Айяға  беріледі.

 

Жүр:              Алғаш келген бүлдіршін,

                       Құтты болсын қадамың.

                       Төбеңде бейбіт күн күлсін,

                       Өсе берсін талабың.

                       Нұр шашып тұр көкте күн,

                       Өміріңнің көктемін.

                       Гүлдендірем деп келдің,

                       Сәлем алтын мектебім! – алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.

 

/Алты оқушы өлең оқиды/                     

                          

Жүр:  Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 «Ә» - сынып оқушылары      

Өсербай Ұлан  және Кусаинова Маликаға  ұсынылады.

 

Жүр.: Құрметті қонақтар , Жаңа мектепті ашу құрметі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Сапаров Айдарбек Сейпілұлына және «Основание» құрылыс компаниясының директоры, облыстық маслихат депутаты Тимофеев Сергей Петровичке, педагогикалық еңбектің ардагері Қазенова Асыл Тәшенқызына беріледі.

 

/Салтанатты музыка ойнайды/

 

(мектеп формасын киген екі қыз лента ұстап тұрады, бір қыз подноста қайшы ұстап тұрады.)

 

Лента қиылғаннан кейін мектеп директоры құрметті  қонақтарды  мектепті аралауға  шақырады.

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь