09.12 күні мектебімізде «ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларымен мазмұнды сынып сағаттары өткізілді
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларды терең түсіндіру, ұлттық рухты ұлықтау және елжандылыққа тәрбиелеу болды.
Сынып сағаттары барысында оқушылар тәуелсіздік тарихымен танысып, маңызды даталар мен тұлғалар туралы ақпарат алды.