2024 жылдың 11 наурызында мектепте «Қазақ тілі – Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Дәстүр бойынша жиын ҚР Әнұранын орындаудан басталды, содан кейін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘБ жетекшісі Б.Б. Жомартов қазақ тіліне арналған өлеңмен жалғастырды, мектеп оқушылары қазақ тілі туралы өлеңді мәнерлеп оқыды.