"Петровка орта мектебі" КММ базасында Чкалово ауылдық округы мектептерінің арасында "Жас Сарбаз" әскери-спорттық көп сайысы бойынша сайыс өткізілді. Әрбір мектеп екі команда ұсынды. Сайыста 24 оқушы қатысты. Балалар физикалық дайындық пен азаматтық қорғаныс бойынша нормативтерді орындаудың дағдыларын көрсетті. Командалық және жеке біріншіліктің жеңімпаздары Чкалово ауылының әкімі мадақтамаларымен марапатталды.