Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

Білімді ел

Bilim land

block2_eop.png?_=1495531126
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

#Біртұтас_тәрбие #Республика_күні #Сынып_сағаты

#Біртұтас_тәрбие #Республика_күні #Сынып_сағаты Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтеді. Былтыр 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді. Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен алынып тасталған болатын. Ал 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы. Мектебімізде Республика күніне орай 9 сыныптың жетекшісі Макажанова Б.С."25 қазан- Республика күні" тақырыбы бойынша сынып сағатын өткізді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь