«Петровка орта мектебі» КММ -нен 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық сайысының аудандық кезеңіне қатысып, 7 сынып оқушысы Сарсембаева Диана 2 орынға, 6 сынып оқушылары Лузина Дарья ,Лузина Мария 3 орынға ие болды. Шығармашыл оқушыларымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Жетекшілері, Здовина Зинаида Тагировна мен Аскарова Айнура Айшолпановнаға денсаулық, жұмыстарына жеміс тілейміз.